Отандық спортшы 11 жылдан кейін Лондон олимпиадасындағы медаліне қол жеткізді

27 Мамыр 2024, 09:44
320
Бөлісу:
Отандық спортшы 11 жылдан кейін Лондон олимпиадасындағы медаліне қол жеткізді
Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Ақмола облысының спортшысы, ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Анна Нұрмұхамбетоваға ресми түрде 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының медалі табысталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мұндай шешімді допинг-сынамаларды қайта тексеріп, медальдерді қайта тағайындағаннан кейін Халықаралық олимпиада комитетінің тәртіптік комиссиясы және CAS спорттық арбитраж соты қабылдады.

Бастапқыда Анна 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бесінші орынды иеленді. Оның қарсыластары сол Олимпиадада қайта өткізілген допинг-сынамалардың оң нәтижелеріне байланысты олимпиадалық медальдарынан айырылды.

Салтанатты рәсім Перу Республикасы (Оңтүстік Америка) Лима қаласында өтті. Анна Нұрмұхамбетованың айтуынша, бұл оның өміріндегі маңызды оқиға.

Мен өте толқып тұрмын. Шынымды айтсам, бұған сену қиын болды. Дегенмен, 12 жыл өтті. Соған қарамастан, мен бұл оқиғаға, осы медальға шексіз қуаныштымын, - дейді Анна Нұрмұхамбетова.

Ол өзінің спорттық мансабын аяқтап, қазір «Бурабай» БЖСМ-де спорт әдіскері болып жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы