Қазақстандық мотокоманда тұңғыш рет әлем чемпионатына қатысады. Мотоцикл мінген жігіттердің айтулы жарысы сәуір айында Франция мен Бельгия және Жапония трассаларында өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар 24-ке сілтеме жасап.
Дүниежүзілік додаға іріктеуден іркілмей өтіп, әлемдік рейтингте үздіктер қатарынан көрінген командалар ғана жолдама алды.
Қазақстандық клуб сапында жергілікті спортшылардан бөлек Чехия азаматтары да бар. Тәжірибелі кіші Карл Пешек пен Дмитрий Прискоко және Мартин Вашулиндер әлем мықтыларымен сайысқа түседі.
Нұрғазы Сәтбаев, Қазақстандық команда жетекшісі: - Қазақстанда мотоспорт енді ғана қанатын кеңге жайып келеді. Қазір елдің Оңтүстік және Батыс аймақтарында мотоспортқа қызығушылар көп. Чехиядан тәжірибелі мамандарды шақырту арқылы қазақ жастарын тәрбиелесек деген мақсатымыз бар. Мотоспорты дамыған Италия, Испания, Франция секілді елдермен бәске түсу қиын. Дегенмен үздік үштіктен көріну үшін команда аянып қалмайды.