Отандық ғалымдар көпжылдық бидайды нарыққа шығарады

27 Желтоқсан 2023, 19:21
672
Бөлісу:
Отандық ғалымдар көпжылдық бидайды нарыққа шығарады

Профессор Меруерт Құрманбаева ұсынған көпжылдық бидай топырақтың эрозияға ұшырауынан сақтайды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ғылым және жоғары білім минстрлігінің Телеграм каналына сілтеме жасап.

Ғалым «Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында биоалуантүрлілік пен топырақтың құнарлылығын сақтауда көпжылдық бидайды егіншілікке енгізу» ғылыми жобасын ұсынған. 

Жобаның мақсаты – экологиялық және экономикалық тұрғыдан тиімді көпжылдық бидайды нарыққа шығару. Жоба жетекшісінің айтуынша, қазіргі таңда біржылдық бидай мол өнім бергенімен, топырақтың бүлінуіне әкелетінін айтады. Сондай-ақ егістік науқанында біржылдық бидайды еккен кезде жыл сайын көп шығын жұмсалады. 

Профессор Меруерт Құрманбаева ұсынған көпжылдық бидай топырақтың эрозияға ұшырауынан сақтайды. Сонымен қатар жыл сайынғы жер жырту мен дақылды егу жұмыстарын қажет етпейді.

Өзгелердің жаңалығы