Президент күтіп отырған отандық вакцина қашан дайын болады?

31 Наурыз 2021, 18:31
1704
Бөлісу:
Президент күтіп отырған отандық вакцина қашан дайын болады?
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Qazcovid-in қазақстандық вакцинасы туралы» тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг кезінде Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья айтты.

Вакцинаны өндіру үшін алдымен клиникалық зерттеулер өткізу қажет. Бүгінде бірінші және екінші зерттеу фазасы өтті, жақында үшінші фазаның 50% зерттеуі аяқталады. Одан кейін біз бұл есепті Денсаулық сақтау министрлігіне жіберіп, олардың рұқсаты болғаннан кейін ғана бұл өнімдерді біз адамдарға бере аламыз. Бүгінде вакцинаның алғашқы партиясы дайын тұр. Вакцинаны адамдарға пайдаланбас бұрын, оны алдымен жануарлардың бірнеше түріне зерттеу жүргізу арқылы тексеруден өткізу керек. Сәуірдің аяғында ДСМ рұқсат берген жағдайда «СҚ-Фармация» қоймаларына жеткіземіз, - деді ол.

Спикер тікелей эфир барысында журналистің Жамбыл облысындағы фармкомпанияның вакцина өндіруге дайындығына қатысты қойған сұрағына пікір білдірді.

Бұл сауалға жауап бере алмаймын, себебі біздің мекемеміз - ғылыми-зерттеу институты. Құрылыспен біз айналыспаймыз, - деді ол.
Еске салсақ, «Qazcovid-in» атауымен белгілі отандық вакцина қоғамда жеңіл жатталуы үшін «QazVас» деп те аталатын болды.

Өзгелердің жаңалығы