Отандық сервистік полиция моделі әзірленіп жатыр – Милюк

1 Ақпан 2021, 11:18
2390
Бөлісу:
Отандық сервистік полиция моделі әзірленіп жатыр – Милюк

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасының орынбасары Алексей Милюк қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сервистік тәсілдер туралы өткен брифингте айтты. 

Ел Президенті Ішкі істер министрлігін  сервистік моделге көшіру  бойынша тапсырмасы бар. Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, сервистік модель бірегей емес. Сондықтан біз менталитет пен мәдениетті, заңнама мен ресурстық мүмкіндіктерді ескеруіміз керек. Сервистік модельді дамытудың үш негізгі бағыты бар, - деді Милюк.

Оның айтуынша, ең алдымен уақытылы әлеуетті қауіптердің алдын алуды жүзеге асыру тұр. 

Полиция өзге билік институттарымен бірге қолайлы жағдай тудыру үшін жұмыс істеуі керек. «Қадамдық қолжетімділік» бойынша полицияға жүгіну өте оңай болуы керек. Үшіншіден, халықпен тығыз байланыс орнату керек, - деді ол. 

Сонымен қатар Милюк отандық сервистік полиция моделі тұжырымдамасы бойынша жұмыс атқарылып жатқанын айтты. 

Оның кезеңдік әдістерін өңірлерде енгізіп жатырмыз. Қарағанды облысы бойынша пилоттық жобаға келетін болсақ, қауіпсіздік қамтамасыз ету жобасы 2019 жылдың қарашасында іске қосылды. Ол Қарағанды облысы мен БҰҰ  КБ бірлесіп жүзеге асырылуда. Пилоттық жоба жергілікті қоғамдық қауымдастыққа енгізілген. Жобаны жүзеге асыру бойынша облыс әкімдігінде ведомствоаралық комиссия құрылған, - деді Александр Милюк.

Өзгелердің жаңалығы