Отандық QazVac вакцинасы қашан егіле бастайды?

23 Сәуір 2021, 13:34
1638
Бөлісу:
Отандық QazVac вакцинасы қашан егіле бастайды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева жауап берді.

Кеше QazVac вакцинасының алғашқы дозалары өңірлерге жеткізіле бастады.

Отандық вакцина орталық қоймаларға жеткізіліп жатыр. Ал медициналық мекемелерге жеткен соң қосымша хабар береміз. Бұған дейін 26 сәуірде аталмыш вакцинамен егу жұмыстары басталады деп хабарланған болатын. Бүгінгі күні вакцинация алдында медициналық қызметкерлерді вакцина нұсқаулығымен таныстыру жұмыстары қолға алынды. Дәл бүгін осы мәселеге қатысы ұлттық деңгейде үлкен вебинар өтіп жатыр. Бұл жұмыс келесі күндері де жалғасатын болады, - деп жауап берді ол.

Сонымен қатар, ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Саниятариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл қазақстандық вакцина алдымен кімдерге егіледі деген сауалға жауап берді. Оның айтуынша, вакцинаның шекті мөлшеріне байланысты, алдымен қауіп тобына жататын азаматтарды егуге назар аударылда.
Естеріңізге сала кетейік, аталмыш вакцинаның 50 мың дозасы өңірлерге бөлініп берілген болатын. Қауіп тобына жататын медицина, полиция қызметкерлері арасында осы вакцинаны алуға ниет еткендерге басымдық беріледі. Ондан кейін қалған дозалар ел тұрғындарына егіле бастайды. Демек енді халықта вакцинаны таңдау мүмкіндігі пайда болды, - деп жауап берді ол.

Өзгелердің жаңалығы