Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру шеңберінде тракторлар мен комбайндарды жаңартуды қаржыландыру бойынша "Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды қаржы-экономикалық негіздеудің кейбір мәселелері туралы" № 282 бұйрығына қол қойды, деп хабарлайды ведмоствоның баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта аталмыш бағдарламаға келесі техникалар кіреді:
– "Lovol" ("Агромашхолдинг KZ" АҚ), "Versatile" ("Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы" ЖШС), "Беларус" ("СемАз" ЖШС, "Композит Групп Казахстан" ЖШС және "Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы" ЖШС) және "Кировец" ("Қостанай трактор зауыты" ЖШС") тракторлары;
– "Essil" ("Агромашхолдинг KZ" АҚ), "Acros" ("Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы" ЖШС, "Kazrost Engineering Ltd" ЖК), "VECTOR 410 KZ" ("Kazrost Engineering Ltd" ЖК) комбайндары.
Тракторлар мен комбайндардың лизингіне республикалық бюджеттен 2018 жылы 3 млрд теңге, өткен жылы 3,5 млрд теңге, ал биыл 6,5 млрд теңге бөлінгенін айта кету керек. 2018-2020 жылдар аралығында "револьверді" есепке ала отырып, жалпы сомасы 11,3 млрд теңгеге 175 жоба қаржыландырылды, 456 бірлік техника сатып алынды.
Бағдарламаға қатысу үшін ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасап, техникаға берілетін "CT-KZ" сертификатын Министрлікке тапсыру керек.