Отандық кәсіпорындар экспорт көлемін ұлғайтып жатыр

21 Тамыз 2020, 12:31
2205
Бөлісу:
Отандық кәсіпорындар экспорт көлемін ұлғайтып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы өз Жолдауында Үкіметке өндірістегі экспорт көлемін ұлғайтуға тапсырма берді. Өндірістік компаниялар жұмысын жалғастырып, экспортты тоқтатпады. Осындай компаниялардың бірі - "Agrimer-Astyk" ЖШС. Кәсіпорын директоры Николай Казак компанияның жұмысы туралы айтып берді.

2007 жылдың тамыз айында біздің "Agrimer-Astyk" ЖШС компаниясының құрылтайшысы болып табылатын Agromin компаниясы аталған активті сатып алды. Бүгінгі таңда бізде  сыйымдылығы 107 мың тонна элеватор, 60 мың тонна жер үсті қоймалары бар. Астық қабылдау кәсіпорнының жалпы сыйымдылығы - 185 мың тонна. Кәсіпорында нан пісіру ұнын өндіруге арналған тәулігіне өнімділігі 300 тонна болатын диірмен комбинаты бар. Сондай-ақ, 2019 жылғы 1 желтоқсанда пайдалануға берілген екінші ұн тарту өндірісінің қуаты - 200 тонна қатты бидай.  Біз жоғары сапалы макарон өндірісі үшін қажет жарма (семолин) өнімін өндіріп отырмыз, - деді Казак.

Директордың айтуынша, кәсіпорында майлы дақылдарды қайта өңдеу бойынша 3 зауыт бар.
Рапсты қайта өңдеу бойынша тәуліктік өнімділік - 100 тонна, соя бұршақтарын қайта өңдеу бойынша  тәулігіне 100 тонна, бұл жағдайда біз соя күнжара мен соя майын және үшінші зауыт бойынша толық  қайта өңделген майлы сояны аламыз. Оның өнімі май болып табылады, тәуліктік қайта өңдеу - 50 тонна. Біз жемшөптік қоспаларды өндіреміз, олар мал шаруашылығында, құс шаруашылығында кеңінен қолданылады, - дейді ол.
 
Николай Казак атағандай, кәсіпорын жұмыс істеп тұрса да, тоқырау жағдайында болған. 
14 жыл ішінде көп қаражат инвестицияланды. Тек қатты сұрыпты бидайды қайта өңдеу бойынша соңғы жобаға 7 млн еуро инвестиция құйылды. Ұн тарту өндірісі, диірмен комбинаты салынып, заманауи жабдықтар қойылды, барлық жерде жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Сол кезде біз нанды қабылдап, оны дұрыс күйде бере алатынымызға ешқандай сенімділік болған жоқ. Бүгінгі таңда біз шикізатты (бидай, майлы дақылдар) кез келген қиындықта қабылдай аламыз, оны сақтап, тауар өндірушілер мен трейдерлерге бере аламыз, - дейді ол.
 
Кәсіпкер атағандай, олар үшін басым бағыт-қатты бидаймен жұмыс істеу, макарон өндірісі үшін шикізат алу, жоғары сапалы шикізат шығару. 
Макарон желісі бойынша идеялар бар, яғни өндірісті дөңгелетіп, өнімді біздің тұрғындарға жеткізу мақсаты тұр. Қазіргі уақытта жобалық- сметалық құжаттама бойынша іс-шаралар пысықталуда. Құрылтайшының макарондарды (ұзын паста, қысқа макарон) өндіруге арналған жабдықты сатып алу туралы идеялары бар. Екінші жоба-жасымық қабығын аршу. Қазіргі уақытта жабдықты жеткізу мәселесі қарастырылуда. Ол түрік немесе украин жеткізушілері болады. Яғни, шағын зауыт болмақ. Қабыршақтанған және жеуге дайын жасымықтың  сағаттық өнімділігі - 6 тонна. Бұл өнім ішкі нарыққа да, сыртқы нарыққа да бағытталған, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы