Отандық кәсіпкер қоғамдағы надандық пен көре алмаушылықты сынады

21 Тамыз 2020, 14:15
2592
Бөлісу:
Отандық кәсіпкер қоғамдағы надандық пен көре алмаушылықты сынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отандық кәсіпкер Болатбек Әлиев facebook-тегі парақшасында қоғамдағы надандық пен көре алмаушылықты сынап, жазба қалдырды. 

«Жоқ болса бере алмайды, бар болса көре алмайды» деп әкеміз анда санда айтушы еді. Бұл дерт кеңес дәуірінде де бар еді...Соңғы постымды, бір данышпан, неге пандемия кезінде көмектеспейсің, мақтана бересің деп айыптауда. Оған салсаң, кәсібім дұрыс емес, басқасы дұрыс емес, әйтеуір мін таққыштарда бар. Белгілі нәрсе, сол баяғы көре алмаушылық, іштарлық. Ол данышпан және соған ұқсағандар қайдан білсін, біз сияқтылардың бала кезімізден күні түні тынбай, еңбек етіп өскенімізді. Сол кезде қалыптасқан дағды бойынша осы күнге дейін тыным таппай жүргенімізді. Таң ата бауырларыммен қорадан шықпай (біледі менің жерлестерім, жұрттың баласы ләңгі теуіп, вечерге барып жүргенде) еңбектеніп. Мектепке малдың сіңіп қалған иісімен бара салу - ол кезде дайын тұрған душ қайда, шелекпен, флягамен ауыз суды 500 метрден таситынбыз алдында. Орыстар айтпақшы «такой образ жизни» қалыптасқан. – деді ол. 

Әрине, жатып алып, жалған никпен орынсыз сын айтып, тілім өткір деп ар-намысқа тиюге дейін барып, сол үшін жаза алмайтынынын біледі. Соған мәз болып, ол сорлы күндерін әрі қарай жалғастыра береді. Басқа қолынан не келеді? 
Өзінің бишара күйіне, өмірде жолының болмағандығына кінәліні сырттан іздеп, осындай тәсілмен бір мезгіл мауқын басатын шығар. Мені ойландыратын жағдай, осындайлардың саны әжептеуір. Әке мен ананың азды-көпті жиған тергенін шашып, ұялмай олардың зейнет ақысына да қол салып жүргені. Кейбіреуі үйленіп, өзінің төмен деңгейне сай, ақысы аз жұмысты істеуге мәжбүр болғандығына ызалы. Не керек, осы үшін олардың алдында бүкіл әлем кінәлі. Ел кінәлі, оның ішінде орта, қоғам, қарапайым азаматтар да, әкімде, министр, кіші, үлкен кәсіпкер де сол қатарда. Мен білетін дерт ол ой-сезімнің, сананың төмендігі, топастық, надандық. Араларында кейбір тілі жүйрік «шустрыйлары» осындайды кәсіп қылып, нан тауып жүргені де бар, - деді ол. 
Ал енді өзім жайлы айтсам: ауылдың баласы, рас біліміме толық көңілім толмайды, бары көп, бірақ жетпей тұратын сияқты, әлі оқимын, шегі жоқ бұның. 
Кәсібім үлкен, кейбір кезде кішкентай болып көрінеді, соған қарамастан мен арқылы мыңнан аса адам жанұясын асырап отыр. Салығым бар, өнімдеріміз өндірілуде, шикізаттан дайын бұйым шығарамыз, азық түлік, дәрі дәрмекті және басқа да құрал жабдық, керек затты евразия көлемінде тасымалдаймыз автокөліккпен - көбісі ауыл жігіттері тұтқасында отырғанНе керек, жұмысым да, проблемамда жетеді. Одан бөлек бірнеше млрд несием тағы бар, арты сонау 2030 жылға дейін. Пандемия кезінде үкіметтен жалпы өзімізге де, кәсібіміз ге де көмек сұраған жоқпын. Күш қуатым ұрып тұр. Жеке жағдайым да дұрыс, анам аман есен, бауырларым, қарындасатрым да аман, немерелері де бар. Өкінішке орай, жақында туған өзімнен кіші бауырымнан айырылдым, пандемияның зардабынан. Осындай жеке қәсіретім тағы бар. Бірақ көпшілік күш беруде, - дейді Әлиев.

Пандемия демекші, ел басына сын түскенде қашқан емеспін, дерт болсын, жарылыс болсын қолымнан келгенше азық түлікпен, дәрі дәрмекпен, едәуір қаржымен бөлістім. Көлемін айтып ешкімге мақтанған емеспін, жай кезде де мүгедектерге, жетім-жесірлерге де көңіл бөлеміз. Көлемі айтарлықтай. 
Қоса кетерім, шүкір, елде надандарға қарағанда көзі ашық,таза азаматтар көп. Мен өз посттарым арқылы көпшілікке өз ойымды жеткізіп, бас салып сынай, жылай бермей, білгенімше шығатын жолын көрсетіп, ауыл баласының да тек қана өз елімізде емес, осы жерде отырып, сыртта да кәсіп жүргізіп, жат жердің нарығынан да нан тауып күн көруге болатынын, біздердің де ешкімнен кем емес екенімізді, білім де, батылдық да бойымызда, жеті атамызға дейін қанымызды бұзбай келе жатқан, жерімізді жат елге билетпей келе жатқан ел екендігімізді насихаттап жеткізуге тырысамын. Өзім әрдайым сыртта да, іште де елдің намысын, мүддесін басқаларға таптатпауға ат салысып жүргендердің біреумін деп есептеймін. Менде де кемшілік көп, бірақ жақсы жағым көбірек шығар деп үміттенемін. Осыны жеткізе келе, Сіздерге айтарым, біз сияқтылардың көпшілікке пайдасы тимесе, зияны тимейді. Жағдайы жақсылар, өзінің кіші отанына бас болып, күн көруіне жағдай жаса алатындардың саны көп болса екен деймін, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы