Осы өңірде орнықты елдің болуы өте маңызды – халықаралық сарапшы 

19 Наурыз 2023, 16:10
693
Бөлісу:
Осы өңірде орнықты елдің болуы өте маңызды – халықаралық сарапшы 
Фото: Артём Чурсинов

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында халықаралық сарапшылар Қазақстандағы демократияның маңызын атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Португал Республикасы Парламентінің депутаты Педру Рок Оливейра сайлауды демократияға апаратын жолдағы маңызды меже екенін айтты.   

Сайлау учаскелері кішігірім мектептерде, операларда, мұражайларда орналасуы – демократияның көрсеткіші. Сайлау Қазақстан үшін демократияға апаратын жолдағы өте маңызды меже. Меніңше, бұл Қазақстанда демократияның нығаюы үшін өте маңызды сәт және осы өңірде орнықты елдің болуы өте маңызды. Қазақстанның үлгісін шығысқа, оңтүстікке, ең маңыздысы солтүстікке дамытуға болады, - деді ол.   

Ұлыбритания Парламентінің мүшесі Даниэль Роберт Кавчински елдегі сайлау науқанынан Ұлыбританияда жоқ жаңа дүниелерді үйреніп жүргенін айтып, Ұлыбритания қандай елдермен серіктесіп жұмыс істегісі келетінін жеткізді. 
 

Біз Ұлыбританияда демократиялық процестерге көп көңіл бөлеміз және біз сияқты заң үстемдігі, адам құқықтары мәселелерін бірінші орынға қоятын елдермен серіктесе отырып жұмыс істегіміз келеді. Мен Қазақстан халқына өз қуанышымды, құрметімді білдіремін, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы