Қостанайдағы кәсіпорын биыл 20 мыңнан астам автокөлік шығармақ

6 Сәуір 2019, 09:39
1759
Бөлісу:
Қостанайдағы кәсіпорын биыл 20 мыңнан астам автокөлік шығармақ
Фото: автордан

Қостанай, BAQ.KZ тілшісі. Қытайлық компания 1 млрд доллардан астам инвестиция құйған кәсіпорын 2019-2021 жылдар аралығында өндіріс көлемін 100 мың автокөлікке дейін жеткізуі тиіс.  

Жеңіл көліктер мен коммерциялық транспорттар, автобустар шығаратын Қостанайдағы зауыт тарихы 1982 жылдан басталады. Бүгінде өндіріс орны соңғы үлгідегі жабдықтармен қамтылып, логистикалық инфрақұрылымы дамыған, өнімді жұмыс істейтін технологиялары бар кәсіпорынға айналды. Кейінгі жылдардағы жетістіктері үшін «Алтын сапа» Президент сыйлығын иеленді.

Соңғы екі-үш жылда қытайлық компания өкілдері қызығушылық білдіріп, кәсіпорынға 1,1 млрд теңге қаржы құятын болды. Қостанайда автокөлік өндірісі қарқын алып келеді. Мұнда жапониялық, кореялық және қытайлық брендтер құрастырылады.

«2017 жылы бізде 6 мың жеңіл көлік шығарылса, 2018 жылы екі есе молайып, 12 мыңға жетті. 2019 жылғы жоспар – 20 мыңнан астам автокөлік шығару. Осынша межені бағындыру үшін жаңа жұмыс орындарын ашқалы отырмыз. Бір жыл ішінде тағы 250 адамға жұмыс тауып бермекпіз. Еңбек істеуге сұранған әртүрлі мамандық иелерінің ішінен икемділері таңдалып жатыр. Қазір зауытта 1,5 мың адам тер төгіп жүр», – дейді «СарыарқаАвтоӨндіріс» ЖШС директорының міндетін атқарушы Сергей Могилатов.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда кәсіпорындағы орташа жалақы – 150 мың 754 теңге.

Өзгелердің жаңалығы