Қостанайда праймеризге 608 адам өзін өзі ұсынды

27 Тамыз 2020, 21:55
1347
Бөлісу:
Қостанайда праймеризге 608 адам өзін өзі ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Праймериз жарияланғаннан бері Қостанай облысында партияішілік іріктеуге 832 адам тіркелген деп хабарлайды 24.kz.  

Соның 608-і өзін өзі ұсынғандар. Сайлауға түсетін кандидаттарды таңдаудың мұндай әдісі «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің  арасында үлкен қызығушылық тудырды. Әсіресе, жастардың белсенділігі жоғары.  

Праймериз – кез келген кандидатқа өз ойын айшық айтып, қабылет-қарымын танытуға үлкен мүмкіндік. Және елді мекендердегі өзекті мәселелерді көтеріп, оларды шешу жолдарын  анықтауға септігі мол.

Сондай-ақ бұл саяси белсенді топтың жаңа шоғырын қалыптастырудың тың жолы. Қазіргі кезде  партия жақтастары, тәуелсіз бақылаушылар өңірлерді аралап, елімізде алғаш өтікізіліп отырған праймериздің мән-маңызын түсіндіріп жүр. 

Жалпы жергілікті жерлерде, мынау Мәслихат депутаттары бір нотариалды органға айналып кеткен. Әкім бюджетін бекітіп береді, бірақ мәселелерді көтермейді. Бұл белгілі бір денгейде саяси жағынан жаңғырту керек, жаңа жас кадрлар керек, жас көзқарасы бар, жаңа тұлғалар керек. Соларды көтеру керек Соларды шығаруымыз керек, - дейді саясаттанушы Бауыржан Серікбаев. 

Өзгелердің жаңалығы