Қостанай облысында тұрғын үйде газ баллоны жарылды

23 Тамыз 2020, 19:20
1538
Бөлісу:
Қостанай облысында тұрғын үйде газ баллоны жарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, екі адам күйіп қалды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. 

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 22 тамыз күні сағат 19:00 шамасында Құсмұрын ауылында болған. 

4 қабатты тұрғын үй ішінде газ баллоны жарылды. Салдарынан 1981 және 2002 жылы туған жұмысшыларды термикалық күйік шалды. Мамандар олардың үй ішінде монтаж жұмыстарын жүргізіп жатқанын анықтады. Оқиғаның алдын ала себебі — газ баллонының редукторынан газдың шығуы, - делінген ақпаратта. 

Қостанай облыстық ТЖД мамандары тұрғындарды қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Мәселен, газ баллондары мен газ жабдықтарын сертификаты бар мамандандырылған ұйымдардан ғана сатып алу қажет. Газ баллонын сатып аларда мұқият тексерген абзал.



Өзгелердің жаңалығы