Оспан батыр туралы қолжазба архивке тапсырылды

23 Қыркүйек 2022, 16:26
5100
Бөлісу:
Оспан батыр туралы қолжазба архивке тапсырылды

Бүгін Алматыда Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде «Қазақтың алтын аңызы – Оспан батыр және Нұрғожай батырдың мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оспан батыр Исламұлының ел мен жер үшін жасаған жанқиярлығы, Қытайдың Гомин және коммунистік үкіметімен қан кешіп ұрыс салған ұлт қаһарманының саяси әрекеті, сондай-ақ, Нұрғожай батырдың ерліктері мен мұрасы конференцияның басты тақырыбы болды. 

Оспан батыр туралы қолжазба архивке тапсырылды

Конференциядағы елеулі оқиғалардың бірі Стамбұл қаласынан арнайы келген Нұрғожай батырдың немересі Бахадүр Хаджихан мен Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры Әбдіуақап Қара Оспан батыр туралы Нұрғожай батырдың түпнұсқа қолжазбасын архив қорына сыйға тартқаны болды. Айта кетейік, қолжазба Нұрғожай батырдың өз қолымен төте жазумен жазылған әрі бұл бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған. 

Оспан батыр туралы қолжазба архивке тапсырылды

Қазақтың ХХ ғасырға таңбасын басқан соңғы батыры, Шығыс Түркістанда халқының егемендігі мен азаттығы жолында күрескен Оспан батыр Исламұлының қазақ тарихында алар орны өте зор. Америкалық тарихшы Линда Бенсон «Қазақтың алтын аңызы» деп атаған Оспан Батыр бүкіл Алтай жерін және Шығыс Түркістандағы қазақтарды езіп жаншып тұрған Қытай губернаторы Шың Шы Сайдан азат етуге күш салған. Осы тұста айта кетейік, күрескер тұлғаның өмір жолын жаңа, тың қырларынан танытатын Оспан батырдың алғашқы сегіз комиссарларының бірі Нұрғожай батырдың естеліктері үлкен тарихи маңызға ие. Өйткені Нұрғожай батыр Оспан батырдың жанында болған. Сондықтан осы екі алып тұлғаны бірге насихаттауды мақсат еткен болашақ ұрпақты рухани тұрғыдан бай, елжанды етіп қалыптастыруға ықпал етері сөзсіз, - дейді Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Баян Жұматаева. 

Оспан батыр туралы қолжазба архивке тапсырылды

Айта кетейік, аталған тарихи құжат архив қызметкерлерінің Түркияға іссапары барысында «Архив – 2025» кешенді бағдарламасын жүзеге асыру аясында, Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдардың көшірмелерін, түпнұсқаларын анықтау барысында жүзеге асырылып отыр. 

Өзгелердің жаңалығы