Өскенбаев Президент тапсырмасы қалай орындалып жатқанын түсіндірді

15 Ақпан 2022, 09:58
970
Бөлісу:
Өскенбаев Президент тапсырмасы қалай орындалып жатқанын түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмасы қалай орындалатынын түсіндіріп берді.

«Арнайы экономикалық аймақтар мен олардың басқарушы компаниялары қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылдау» тапсырмасын іске асыру үшін арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігіне талдау жүргізілді. Сондай-ақ тиісті жол картасы әзірленді, қолданыстағы заңға түзетулер топтамасы дайындалды, - деп айтты министр.

Өскенбаев заңнамалық деңгейде қандай тәсілдер енгізілетініне тоқталды. 

Біріншіден, инвестициялардың көлеміне, салық түрлеріне және өнімнің күрделілігіне байланысты жеңілдіктер мерзімдерін саралау ұсынылады. Екіншіден, арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының өзіне алған барлық міндеттемелерді орындау шартымен шарт мерзімі аяқталғаннан кейін жер учаскесін сатып алу мүмкіндігін белгілеу көзделіп отыр, - деді ИИДМ басшысы.

Сондай-ақ жұмылдырылған мемлекеттік органдар мен ұйымдардың рөлі мен жауапкершілігін күшейту және басым бағыттарды айқындау жөніндегі тәсілдерді қайта қарау көзделіп отыр.

Бұл заңнамалық бастамалар барлық келісу рәсімінен кейін Үкіметке енгізіледі.

Қайырбек Өскенбаев басқарушы компаниялардың кадрлық құрамын нығайту мақсатында бірнеше шара қабылданатынын атап өтті. 

- Инвестициялық офицер лауазымын енгізу.

- Директорлар кеңесінің құрамына инвестициялар тарту саласында тәжірибесі бар тәуелсіз директорлар, сондай-ақ «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өңірлік өкілдерін енгізу.

- Табысты шетелдік Арнайы экономикалық аймақтарда біліктілікті арттыру курстарын және тағылымдамаларды ұйымдастыру.

Сондай-ақ біз басқарушы компаниялар тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін қайта қарауды жоспарлап отырмыз. Арнайы экономикалық аймақтар инфрақұрылымының құрылысын аяқтау мәселесі басым болып қала береді, өйткені бұл -  инвесторларды тарту үшін негізгі шарттардың бірі, - дейді министр.

Өзгелердің жаңалығы