Өскеменнің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды

30 Тамыз 2021, 21:05
2320
Бөлісу:
Өскеменнің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Өскемен қаласын дамытуға айтарлықтай үлес қосқан тұрғындар марапатталды. Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар өз парақшасында жазды.

«Өскемен қаласының дамуына қосқан айрықша үлесi үшiн» төсбелгісі осымен үшінші рет беріліп отыр.

Марапатталғандардың қатарында белгілі тұлғалар бар:

Әлібек Қалиұлы Қаңтарбаев - журналист, публицист, ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі;

Аштема Николай Павлович - суретші, Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі;

Серік Құсанбаев Сәдуақасұлы - ақын, жазушы және журналист, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі;

Шик Лео Богданович - Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі;

Кузнецов Александр Александрович - «ШҚО білім және ғылым қызметкерлерінің локалды кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің филиалы «Өскемен білім қызметкерлері кәсіподағының қалалық ұйымы» басшысы;

Досжан Русланұлы Есиркенов - қазақстандық кәсіби хоккейші, оң жақ шабуылшы. Өскемендік «Торпедо» ойыншысы;

Бородин Александр Николаевич - «Темірбетон комбинаты» ЖШС бас директоры;

Ельфимов Илья Васильевич - «ДСУ-11» ЖШС директоры;

Адамов Рустам Маратович - "Микс" ЖШС директоры, "NS" радиосының ортақ иеленушісі, "Регистан" мейрамханалар желісінің қожайыны;

Сәуле Дүсіпбекқызы Бекишева - Өскемен қаласының № 2 сотының судьясы;

Коваленко Сергей Юрьевич – полиция басқармасының жол-техникалық инспекциясы бөлімі басшысы;

Валерий Мұхтарұлы Қасымбаев - «Пасека» ШҚ басшысы;

Мұхтар Серікұлы Тойбазаров - «Пять звезд» ЖШС-нің құрылтайшы директоры, «Резиденция Остров» бос уақыт және демалыс орталығының негізін қалаушы.

Өзгелердің жаңалығы