Өскемендік азамат тұрғындарды тегін тасып жүр

22 Ақпан 2024, 20:28
320
Бөлісу:
Өскемендік азамат тұрғындарды тегін тасып жүр
Фото: BAQ.KZ -архив

Өткен аптада басталған аяз халықты біраз әбігерге салды. Жұмыстан үйге, үйден жұмысқа жеткенше жұрт жаурап қалып жатты. Осындайда халыққа қол ұшын созар қайырымды жандар бар, деп хабарлайды BAQ.KZ Altainews.kz-ке сілтеме жасап.


Белгілі спортшы, жаттықтырушы ұстаз өзінің әлеуметтік желісінде бірнеше күннен бері тегін такси істеп жүргенін жазды.

Бірнеше күннен бері тегін такси істеп жүрмін. Тегін такси деп жазып қойдым. Сонда да кейбір тұрғындар отырмай тартыншақтайды. Ахмер, Согра, Қайсенов кенті сияқты қаланың шет аудандарынан кісілерді тасып жүрмін, – дейді спортшы "Гір" көтерудің чемпионы Сұлтан Амантайұлы.

Өзгелердің жаңалығы