Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Облыс орталығында пробациялық есептегі сотталғандарға арнап бoc oрындaр жәрмeңкeci өткізілді.
Бoc oрындaр жәрмеңкесінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ғимаратында өткізілуіне қaлaлық Жұмыcпeн қaмтy жәнe әлeyмeттiк бaғдaрлaмaлaр бөлiмi мен облыс орталығының пробация қызметтері атсалысты.
Бос орындар жәрмеңкесіне Өскемен қаласындағы «КазтеплоСпецСтрой», «Өскемен қаласының көлік комнапиясы», «Темірбетон комбинаты», «Иртышцветмет», «Кондитер+» сынды ірі кәсіпорындар қатысып, екі қолға бір күрек іздеп келген сотталғандарға 50-ден астам жұмыс орнын ұсынды. Сондай-ақ белгілі бір мамандығы жоқ сотталғандарға түрлі кәсіптер бойынша арнайы курстардан өту де ұсынылды, – дейді Өскемен қаласының Сол жағалау аудандық пробация қызметінің инспекторы Ерасыл Төлегенов.
Оның айтуынша, бұл іс-шараның басты мақсаты - сотталғандардың қалыпты өмірге қайта оралуын және қоғамның толыққанды азаматы болуын жеделдету болып табылатын көрінеді. Осылайша, олардың қайтара қылмысқа баруын болдырмау және қиын-қыстау кезеңде өз отбасын асырауына жағдай жасау көзделген.