Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Өскемендегі орталық базардан өрт шықты

28 Маусым 2025, 06:31
679
Бөлісу:
 Скриншот
Фото: Скриншот

Өскемен қаласында түнгі уақытта орын алған өрт дер кезінде сөндіріліп, орталық базар үлкен шығыннан аман қалды. Оқиға Қазақстан көшесінде орналасқан сауда нысанында тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт туралы хабарлама бойынша оқиға орнына жоғары дәрежелі шақыртумен өрт сөндірушілер дереу аттанған. Алдын ала мәлімет бойынша, сауда контейнерлерінің бірінде матрацтар жанған.

Оқиға орнына жеткен мамандар өрттің жапсарлас қоймаларға таралу қаупі жоғары екенін анықтап, жедел әрекет етті. Өрт 50 шаршы метр аумақта оқшауланып, бірнеше минут ішінде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі өрттің алдын алу үшін өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаудың маңызын еске салады. Бұл – адам өмірінің қауіпсіздігі мен мүлік амандығының басты кепілі.

Өзгелердің жаңалығы