Өскемен қаласы Уәлиевкөшесіндегі 600 орындық мектептің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Білім беру саласындағы «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы апатты мектептерді, үш ауысымды оқытуды және оқушы орындарының тапшылығын жоюға бағытталған. Осы мақсатта 2024 жылдың қараша айында Өскемен қаласы Уәлиев көшесінде жаңа мектептің құрылысы басталды.
Қазіргі таңда жұмыстардың 90%-ы аяқталды. Бір ай ішінде құрылыс толықтай бітеді деп күтілуде. Бұл мектептің құрылысына 5,2 млрд теңге қаржы бөлінді. Тапсырыс беруші – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ, – деді «Элхон» ЖШС директорының орынбасары Әсет Сұлтанов.
Мектеп құрылысы жоспарға сай қарқынды жүргізілуде.