Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Өскеменде жер сілкінісінен 15 минут өткен соң ғана сиреналар қосылды

23 Шілде 2025, 16:19
1177
Бөлісу:
 istockphoto.com
VIDEO
Фото: istockphoto.com

23 шілде күні сағат 15:37-де Шығыс Қазақстан облысында магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісі тіркелді. Эпицентрі Қалбатау маңында, Өскеменнен шамамен 76 шақырым қашықтықта орналасқан. Жерасты дүмпулері Өскеменнің өзінде де, кейбір деректерге қарағанда, Семейде де сезілген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға кезінде Өскеменде болған BAQ.KZ журналисі ғимараттың қатты теңселгенін растады. Алайда, соған қарамастан, дабыл жүйесі мен сиреналар дүмпулерден тек 15 минут өткен соң ғана іске қосылған.

Жарияланған сәтте Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісінің салдарына қатысты ресми ақпарат бермеген.

Осы уақытта Android құрылғыларын пайдаланушыларға автоматты түрде мынадай хабарлама келген:

Магнитуда – 5.1. Сізден 76,3 км жерде. 23 шілде, 15:37. Дереккөзі – Android. Эпицентр – Қалбатау.

Өскеменде жер сілкінісінен 15 минут өткен соң ғана сиреналар қосылды
Фото: BAQ.KZ

Куәгерлердің айтуынша, дүмпулерден кейін қала көшелері бірден босап қалған. Ал жедел әрекет ету қызметтері дабыл жүйесінің кеш іске қосылғанына қатысты әзірге түсініктеме бермеді.

Өзгелердің жаңалығы