Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс.
Бұл оқиға 23 қаңтар күні сағат 18.40-та болған.
Автобус жүргізушісі жаяу жүргінші жолымен өтіп келе жатқан 50 жастағы әйел адамды қағып кеткен. Жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді. Қазір қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ сот-медициналық сараптамасы тағайындалды, – деп мәлімдеді ШҚО ПД.