Облыс орталығының 24-ші тұрғын ауданында құрылысқа байланысты жарылыс жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews-ке сілтеме жасап.
«Kaz Explo Service» ЖШС ақпаратына сүйенсек, жарылыс 13 қараша күні сағат 13:00 мен 14:30 аралығында болады.
Өскемен қаласының 24 тұрғын ауданының бас жоспары мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының құрылысына сәйкес кварталішілік жылумен жабдықтау, су құбыры және кәріз желілерін тарту үшін жарылыс жұмыстары жүргізіледі, - деп жазылған хабарламада.