Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Өскеменде жаңа трамвай жолаушыларды тегін тасымалдады

12 Қаңтар 2023, 21:30
1106
Бөлісу:

Облыс орталығына әкелінген жаңа трамвайларда жолаушыларды тегін тасымалдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңа трамвайларға мінген қала тұрғындары қоғамдық көліктің жылы, жарық және өте ыңғайлы екенін айтты. Бұл туралы Altaynews жазды.

Сондай-ақ, қоғамдық көліктер QR кодтарын алып үлгермегендіктен 11 қаңтар күні жаңа трамвайға отырған жолаушылардан жол жүру ақысын алмаған.

Бізге QR-кодтар енді берілді,-деді "Өскемен Көлік Компаниясы" ЖШС директоры Михаил Чайка.

Яғни, енді жолаушылар жаңа трамвайларда жол ақысын әдеттегідей, кез-келген тәсілмен төлей алады.

Өзгелердің жаңалығы