Өскеменде үздік Аяз ата мен Ақшақар байқауы өтеді

8 Желтоқсан 2022, 21:38
1467
Бөлісу:
Өскеменде үздік Аяз ата мен Ақшақар байқауы өтеді

Өскемен қаласындағы бас шырша дәстүр бойынша орталық алаңда құрылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл қаладағы бас шыршасының шамын жағу рәсімі ерекше ұйымдастырылмақ, деп жазды Altaynews.

Ол күні орталық алаңда Аяз Ата мен Ақшақарлар байқауы өтеді.

Аталмыш іс-шараға кез келген ниет білдіруші қатыса алады. Өтінімдер 15 желтоқсанға дейін қабылданады. Іріктеу 6 желтоқсан күні Республика алаңында өтеді.  Қатысушылар байқауға тек өздері Аяз ата мен Ақшақардың рөлінде ғана емес, түрлі ертегі кейіпкерлерінің костюмдерін киген қолдау тобымен келсе де болады, - делінен қала әкімдігінің хабарламасында.

Байқау финалистер мен қатысушалыр бас шыршаның шамын жағу рәсіміне қатыса алады. Шара кешкі сағат 17.00-де басталады.

Өзгелердің жаңалығы