Өскеменде үйде босанған әйелдің сәбиі өлі туған

Бүгiн, 18:23
249
Бөлісу:
Өскеменде үйде босанған әйелдің сәбиі өлі туған
Фото: BAQ.KZ - архив

Өскемен қаласында 44 жастағы әйел үйінде босанып, салдарынан сәбиі өлі туған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдын ала мәлімет бойынша, әйел сәбиінің өлі туғанын көріп, оның денесін қоқысқа тастаған. Белгілі болғандай, ол жүктілік бойынша есепке тұрмаған және бірде-бір рет дәрігерге қаралмаған. Кейін денсаулығы нашарлаған әйел жедел жәрдем арқылы ауруханаға жеткізілді.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Әйелдің жеке басы анықталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде, – деп мәлімдеді құқық қорғау органдары.

Өзгелердің жаңалығы