Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды

Бөлісу:
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Фото: архив

Өскеменде пәтер саламыз деп 1 миллиард 800 миллион теңге жымқырғандар ұсталды. Қаржы мониторингі агенттігінің ақпаратына сәйкес, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тергеу барысында екі күдіктінің жалған келісімшарт жасап, 102 азаматты алдағаны белгілі болды. Мерзімдер бірнеше рет ұзартылғанымен, тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталмаған. Компаниялар үлескерлердің ақшалай қаражатын тартуға рұқсат құжаттары болмағандықтан заң талаптарын бұзған.

Тергеу барысында күдіктілердің 2,3 млрд теңге тұратын мүлкіне тыйым салынды. Зардап шеккендерге қаражатты қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жарияланбайды. ҚМА азаматтарды үлестік құрылысқа қатысушылардың ақшалай қаражатын, ресурстарын және материалдық-техникалық базасын тартуға тиісті рұқсат құжаттары жоқ компанияларға ақша қаражатын салмауға шақырды, – деді ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Өзгелердің жаңалығы