Өскеменде терроризмге қарсы жаттығу өткізіледі

31 Тамыз 2021, 09:13
1681
Бөлісу:
Өскеменде терроризмге қарсы жаттығу өткізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Өскемен қаласында терроризмге қарсы жаттығу өткізіледі. Бұл туралы Терроризмге қарсы жедел штаб хабарлады.

Оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілерде террористік жағдайдың өрбуіне байланысты жедел қимылдау шаралары пысықталады, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар бірқатар шектеу шарасы, соның ішінде көлік құралдарының қозғалысындағы шектеулер қарастырылған. 
Өскемен қаласы тұрғындарын уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдардың заңды талаптарын сақтауға шақырамыз, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы