Өскеменде тағы 5 балабақша салынады

27 Қаңтар 2023, 21:11
1071
Бөлісу:
Өскеменде тағы 5 балабақша салынады

ШҚО әкімі Даниал Ахметов биыл 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды 100% мектепке дейінгі біліммен қамту керектігін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі күні аталмыш көрсеткіш 97%-ды құрайды. Бұл туралы Altaynews жазды.

ШҚО білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, оқу жылының басында балабақшаларға 2-3 жас аралығындағы 900-ге жуық бала кезекке тұрған. Сондай-ақ 11 мың мектеп жасына дейінгі бала жеке балабақшаларға барады.

Биыл көрсеткішті 100%-ға өсіру керек. Бірінші кезекте, оған Өскемен қаласы қол жеткізу керек, - деп атап өтті өңір басшысы Даниал Ахметов.

Соңғы 5 жылда балабақша кезегі 3,5 есеге қысқарған. Осы уақыт ішінде Өскеменде 12 жаңа мектепке дейінгі мекеме салынды.

Қазір 1290 орындық тағы бес балабақша салуды жоспарлап отырмыз. Олардың екеуі 19 шағын ауданда, біреуі ЖМК-да, біреуі Нұрлы Жол шағын ауданында және біреуі Защита шыған ауданында ашылмақ,-деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.

Өзгелердің жаңалығы