Өскеменде сотталғандармен профилактикалық жұмыстар жүргізілді

19 Наурыз 2021, 15:40
1641
Бөлісу:
Өскеменде сотталғандармен профилактикалық жұмыстар жүргізілді

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өскеменде 200-ге тарта сотты болған азаматты қоғамға қайта бейімдеп, олардың психологиялық түсінігін жақсартуға бағытталған жұмыстар жүргізілді.

Үстіміздегі аптада өткен «Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шаралары барысында Солжағалау аудандық пробация қызметі бөлімі ішкі істер бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға тартылған 187 соталғанмен профилактикалық жұмыс жүргізді.

Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандарды бақылауға алып, олардың психологиялық түсінігін жақсартып, қоғамға бейімдеп, болашақта теріс жолға түспеуге үгіттеу-пробация қызметінің басты мақсаттарының бірі. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Солжағалау аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға тартылған 187соталғанмен профилактикалық жұмыс өткіздік, - дейді Солжағалау аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы Эльвира Смағұлова.

Сотталғандардың тарапынан қайталама қылмыстың алдын алу мақсатында аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция инспекторларымен бірлесіп сотталғандардың тұрғылықты мекен жайын тексеріп, сотталғандарға әсер ете алатын жақын туыстарымен сұхбат жүргізілді.

Сотты болғандардың тұрғылықты мекен жайларын тексеру барысында, олардың тарапынан қандайда бір әкімшілік құқық бұзушылық немесе сотпен белгіленген міндеттерді бұзған жағдайда, пробация тарапынан сотталғандарға жаза қолданылады. Атап айтқанда, сот шешімі бойынша сотталғадардың қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырады немесе пробациялық бақылау мерзімін ұзартады, - деп қосты Эльвира Смағұлова.

 



Өзгелердің жаңалығы