Өскеменде «Сіздің учаскелік полиция қызметкеріңіз» акциясы өтеді

13 Қараша 2023, 20:47
544
Бөлісу:
Өскеменде «Сіздің учаскелік полиция қызметкеріңіз» акциясы өтеді
Фото: Арман Мухатов - архив

1-30 қараша аралығында Өскеменде «Сіздің учаскелік полиция қызметкеріңіз» акциясы мен ҚР ІІО «Үздік учаскелік полиция инспекторы» атағын тағайындау конкурсы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews-ке сілтеме жасап.

Осы шаралардың барысында учаскелік полиция инспекторлары үйлер мен аулаларды аралап, азаматтарға түсіндіру жүргізеді.

Шара халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру, учаскелік полиция инспекторлары мен әкімшілік учаскелерде тұратын азаматтар арасында тығыз қарым-қатынас орнатуға бағытталған.

Полиция қызметкерлері тұрғындарға байланыс нөмірін беріп, тұрғындармен танысады.

Сонымен қатар, алдағы уақытта аумақтық полиция бөлімдерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары учаскелік пункттерде азаматтарды қабылдайды.

Өзгелердің жаңалығы