Өскеменде шаңғы жарысы өтеді

14 Желтоқсан 2022, 21:11
1034
Бөлісу:
Өскеменде шаңғы жарысы өтеді

17 желтоқсан күні сағат 10.00-де Комсомол аралында шаңғыдан жарыс өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қала әкімдігі аталмыш шараға қатысуға барлық қала тұрғындарын шақырды. Бұл туралы Altaynews жазды.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары баршаңызды 17 желтоқсанда сағат 10:00 - де Комсомол аралында өтетін шаңғы жарысына қатысуға шақырамыз! Жарысқа 8 бен 50 жас аралығындағы кез келген тұрғын қатыса алады. Жарыс қашықтығы 800 м, - делінген хабарламада.

Жарысқа тіркелу сол күні Комсомол аралында сағат 9:30-да басталады.

 

Өзгелердің жаңалығы