Өскеменде қою түтін салдарынан 80 адам эвакуацияланды

7 Шілде 2023, 11:37
721
Бөлісу:
Өскеменде қою түтін салдарынан 80 адам эвакуацияланды

Өскемен қаласында үйдегі қою түтіннің салдарынан бір адам құтқарылып, 80 адам эвакуацияланды 

6 шілдеде 23:08-де Ломоносов көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде 3 ш.м. алаңда қоқыс пен ескі заттар жанып, үйді улы қою түтін басты. 

Баспалдақ марштары бойымен 80 адам, оның ішінде 15 бала эвакуацияланды. Құтқарушылар 1938 жылы туған әйелді көтеріп алып шықты. Өрт сөндірушілер өртті сөндіріп, түтінді сорып шығарды.

Өзгелердің жаңалығы