Өскеменде пәтерден өрт шықты: Үш тұрғын эвакуацияланды

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

 ТЖМ баспасөз қызметі Кеше 2026, 23:27
Кеше 2026, 23:27
101
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Өскемен қаласында көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерден өрт шықты. Оқиға С. Нұрмағамбетов көшесінде орналасқан бес қабатты үйдің бірінші қабатында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер құтқару қалпақтарының көмегімен үш тұрғынды қауіпсіз жерге эвакуациялады.

Өрт 35 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және өртке себеп болуы мүмкін жағдайларды дер кезінде жоюға шақырды.

Наверх