Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемендегі ұйымдардың бірінің менеджері 1,6 миллион теңгеден астам қаражат жымқырды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады Алтайньюс.
Полицияға жергілікті кәсіпкер шағым түсірген.
Ол өз қарамағындағы қызметкерінің қызметтік жағдайын пайдаланып, жалпы сомасы 1 600 000 теңгеден астам ақшаны жымқырғанын айтып арызданды, – деп хабарлады қалалық полиция бөлімінің баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері ұйымда бір жылдай ғана жұмыс істегенін 28 жастағы менеджерді ұстады.
Қаскүнем кінәсін мойындады, жасаған ісіне өкінеді, – деп мәлімдеді полиция.
Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.