Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Өскеменде ірі өрт сөндірілді: зардап шеккендер жоқ

8 Шілде 2025, 21:47
843
Бөлісу:
 ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Өскемен қаласындағы Лихарев көшесінде орналасқан бір қабатты ғимараттан шыққан өрт толығымен сөндірілді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына келген ТЖМ бөлімшелері жоғары шақыру нөмірі бойынша жұмылдырылып, өртпен күрес жұмыстары бірден басталған. Өрт сөндіру жұмыстарын ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов жеке өзі басқарды. Қатты түтін, жоғары температура және өрт жүктемесінің ауқымдылығы салдарынан жалынды ауыздықтау күрделене түсті.

Өрттің жалпы ауданы – 2450 шаршы метрді құрады.

Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, судың үздіксіз берілуі ұйымдастырылды.

112 қызметіне зардап шеккендер туралы ешқандай ақпарат түскен жоқ.

Қазіргі уақытта өрт толығымен сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.

Өзгелердің жаңалығы