Өскеменде газ қондырғысы орнатылған көлік өртенді

Өрт Қаныш Сәтбаев даңғылында болған. Жалын 10 шаршы метр аумақты шарпыған, зардап шеккендер жоқ.

 pixabay.com 15 Қараша 2026, 16:51
15 Қараша 2026, 16:51
119
Фото: pixabay.com

Өскемен қаласындағы Қаныш Сәтбаев даңғылында газ қондырғысы орнатылған автокөлік отқа оранды. Өрт сөндірушілер жалынды жедел сөндірді.

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер көліктегі өртті толық сөндірген. Жалын 10 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Наверх