Өскеменде ер адам жұрт көзінше бөтен көлікті тас-талқан етті

Өскеменде ер адам дүкен маңында тұрған көлікті жұрт көзінше бүлдірді. Оның не себепті бұлай әрекет еткені белгісіз. Оқиғаға не түрткі болды?

Бүгiн 2026, 18:18
АВТОР
 видеодан алынған кадр Бүгiн 2026, 18:18
Бүгiн 2026, 18:18
128
Фото: видеодан алынған кадр

Өскеменде ер адам дүкен маңында тұрған көлікті көпшіліктің көз алдында бүлдіріп, әйнектерін сындырған. Күдікті ұсталып, іс сотқа жолданды.

Оқиға кеше, яғни 2026 жылғы 22 сәуірде Беспалов көшесінде, жергілікті дүкеннің маңында болған.

Куәгерлердің айтуынша, белгісіз азамат еш себепсіз Chevrolet Cobalt маркалы көліктің әйнектерін сындырып, кузовын бүлдірген. Әзірге оның мұндай әрекетке не себепті барғаны белгісіз.

Құқық бұзушының жеке басы анықталып, ол полиция бөліміне жеткізілген. Ер адамға «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бабы бойынша әкімшілік шара қолданылған, - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті.

Жиналған материалдар заң талаптарына сәйкес процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх