Өскеменде дүкен қызметкерлері 19 млн теңгені жымқырған

14 Желтоқсан 2022, 15:15
905
Бөлісу:
Өскеменде дүкен қызметкерлері 19 млн теңгені жымқырған

Өскеменде дүкен қызметкерлері 19 млн теңгені жымқырған,  деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Өскемен қаласы ПБ Ертіс полиция бөлімінің “102” жедел арнасына ЖШС өңірлік басқарушысы жүгінген. Өскемен қаласының сауда-ойын-сауық орталықтары бірінде дүкен қызметкерлері шамамен 19 млн теңгеге мүлікті жымқырған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары төрт күдіктіні анықтап, ұстаған. Олардың барлығы 20 мен 21 жас аралығындағы университет студенттері. Қазіргі уақытта аудиторлық тексеру жүргізіліп жатыр. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Кінәні мойындаған жағдайда күдіктілер жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Өзгелердің жаңалығы