Өскеменде биыл 21 шақырым жол жөнделді

20 Қараша 2022, 07:25
573
Бөлісу:
Өскеменде биыл 21 шақырым жол жөнделді

Өскемен қаласында 2022 жылы ұзындығы 21 шақырымды құрайтын 38 учаске жөнделді. Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әкімнің айтуынша, әкімдік жол желісін күтіп ұстау саласында уақыт пен қаражатты мұқият бөлу арқылы көп нәтижелерге қол жеткізген.

Алғашқы жөндеу жұмыстарын сәуір айында бастап, бір маусым ішінде жұмыстардың екі кезеңін жүргізіп үлгердік. Орталық магистральдармен қатар (Қазақстан, Қабанбай батыр көшелері) ықшам аудандардағы жолдар да қамтылды (Қалихан Ысқақ көшесі, Үлбі кентіндегі Энтузиастов көшесі). «Ауыл – ел бесiгi» бағдарламасы бойынша Ахмер және Меновное ауылдарындағы жолдарға асфальт төселді, - деп жазды әкім.

Сонымен қатар, ықшам аудандарды дамыту бағдарламасының аясында қыркүйек-қазан айларында жөндеу жұмыстары жүргізілген. Атап айтқанда, Красин кенті мен 22-ші ықшам ауданындағы көшелер асфальтталды.

Уәде еткеніміздей, суық түскенге дейін Космическая және Мостовая көшелеріне қатысты мәселені шештік. Сонда, 2022 жылы біз жалпы ұзындығы 21 шақырымды құрайтын 38 учаскені жөндеу жұмыстарымен қамтып отырмыз, - дейді Жақсылық Омар.

Өзгелердің жаңалығы