Өскеменде биыл 19 жол учаскесі жөнделген

5 Желтоқсан 2022, 23:30
918
Бөлісу:
Өскеменде биыл 19 жол учаскесі жөнделген

Биыл облыс орталығында жол жөндеу жұмыстары жақсарып, жөнделген көшелер саны артқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өскемен қаласы әкімдігінің мәліметінше, мұндай нәтиже көрсетуге қаржыландырудың 70 пайыздан астам өсуі де ықпал еткен. Бұл туралы Altaynews жазды.

Осы орайда қала әкімі  Жақсылық Омар биыл қосымща жолдарды жаңғыртуға көбірек ресурстар бөлінгенін атап өтті.

Биыл қаржыландыру көлемі шамамен 75 пайызға өскен. Бұл ретті біз жылдағыдан 2,7 есе көп учаскелерді қамти алдық. Ағымдағы жылы, әсіресе, шағын аудандардағы шағын жолдарға көбірек ресурс бөлінгенін айта кету керек. себебі олар жөндеу шығындарын аз талап еткенімен, әрқайсысының жергілікті көлік қозғалысы үшін өзіндік маңызы бар , - дейді шаhар басшысы.

Сонымен қатар, ол қаладағы жөнделген жолдар санының өсуі бірінші рет байқалып отырмағанын айтты.

Қаламызда 2019 жылдан бері жол жөндеу көрсеткіштері біртіндеп өсіп келеді. Мәселен, 2019 жылы 7 көше жөнделсе, келесі 2020 жылы - 16, 2021 жылы – 14, ал 2022 жылы – 19 жол учаскесінің жолы жаңартылған, - дейді Жақсылық Мұқашұлы.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін асфальттаудың жаңа тәсілі облыс орталығында жол жөндеу көрсеткішкерін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік бергенін хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы