Өскеменде автовокзал ғимаратындағы адамдар эвакуацияланды

17 Тамыз 2021, 01:14
1534
Бөлісу:
Өскеменде автовокзал ғимаратындағы адамдар эвакуацияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде ескі автовокзал ғимаратының төбесі жарылып кетті, барлық адам эвакуацияланды. Оқиға орнына жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері келген.

Ведомство ғимараттың иесі өз бетінше дереу эвакуациялау жұмыстарын ұйымдастырғанын, қызметкерлердің көмегі қажет болмағанын атап өтті, деп хабарлайды Устинка LIVE

Автовокзал ғимаратынан билет кассалары уақытша көшірілгені белгілі болды.

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасы мәдени мұра бөлімінің басшылығы да вокзалға келді, олар вокзалды жөндеуге бюджеттен қаражат бөлу мәселесі көп уақытты алатын процесс екенін хабарлады.

Мызы көшесіндегі автовокзал – сәулет ескерткіші. Ол 1936 жылы тұрғызылған.   

Өзгелердің жаңалығы