Өскеменде 80 қорап шоколад ұрлаған күдікті ұсталды

Өскеменде ірі сауда орталығында бірнеше рет ұрлық жасаған ер адам ұсталды. Күдікті 80 қорап Merci шоколадын және басқа да тауарларды жымқырған.

 видеодан алынған кадр Бүгiн 2026, 15:48
Бүгiн 2026, 15:48
91
Фото: видеодан алынған кадр

Шығыс Қазақстан облысы орталығындағы ірі сауда орталықтарының бірінде бірнеше рет жасалған ұрлық фактісі тіркелді.

Қаңтар-ақпан айлары аралығында ер адам сауда залынан бірнеше рет тауар ұрлаған. Ол өз әрекетін ешкім байқамаған сәттерді пайдаланып, заттарды сыртқы киімнің ішіне жасырып, ақысын төлеместен дүкеннен шығып кетіп отырған.

Күдіктінің негізгі нысанасы – тәтті болған. Ол жалпы саны 80 қорап Merci шоколадын жымқырған. Бұдан бөлек, күдікті косметикалық құралдарды, азық-түлік пен жеке гигиена заттарын да қолды қылған.

Осындай заңсыз әрекеттердің салдарынан сауда ұйымына 250 мың теңгеден астам материалдық шығын келтірілді.

Кезекті ұрлық әрекеті кезінде күдіктінің жеке басы ШҚО ПД жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен анықталып, ұсталды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы таңдалды.

Наверх