Өскеменде 7 жасар баланы ит талап өлтірді

2 Наурыз 2022, 03:56
2655
Бөлісу:
Өскеменде 7 жасар баланы ит талап өлтірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде Өскеменде 7 жастағы баланы иттер талап өлтіргені туралы бейресми ақпарат тараған болатын. Онда оқиға қаладағы бау-бақша серіктестерінің бірінде болғаны туралы айтылған.

Біз, «Лесхоз» аулындағы «Надежда», «Эдельвейс» бау-бақша серіктестігінің тұрғындары тиісті органдардың назар аударуын сұраймыз. Бүгін иттер жеті жасар баланы талап тастады. Біз қоқыс тастайтын қауіпті аймақта тұратындықтан үнемі қаңғыбас иттердің шабуылына тап болып отырмыз, – деп жазылған жергілікті тұрғындардың хабарламасында.

ШҚО Полиция департаментінің мәлімдеуінше, 17 желтоқсанда Ертіс полиция бөлімі осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді басталған. Сот сараптамасы тағайындалып, оқиғаның мән-жайын толық анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр екен.

Өзгелердің жаңалығы