Өскеменде 35 мың адам тұмауға қарсы вакцина алды

13 Қазан 2023, 20:32
823
Бөлісу:
Өскеменде 35 мың адам тұмауға қарсы вакцина алды
Фото: Артём Чурсинов - архив

Өскемендіктер тұмауға қарсы жаппай вакцина алып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. 

Облыста 179 егу кабинеті ашылып, 75 мыңнан аса вакцина сатып алынды. Халықтың сырқаттан сақтануға ынтасы жоғары. 3 аптаның ішінде 35 мыңға жуық адам екпе салдырған. Соңғы күндері аймақта ауа райы күрт салқындап, жіті респираторлы-вирустық инфекцияның өршігені байқалады. 

Дәрігерлер ауа арқылы таралатын ауруларға төтеп берудің жалғыз жолы вакцина алу деп отыр. 

Ресейде шығарылған Гриппол плюс – тиімділігі өте жоғары вакцина. Бүгінгі күнге дейін облыста 19 832 ОРВИ жағдайы, бұл жіті респираторлық-вирустық инфекция тіркелген. Соның жартысына жуығы – 14 жасқа дейінгі балалар. Вакцинациялау облыста тегін жүргізіледі, қатер топтарына және төлемді түрде жүргізіледі, - деді облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қанат Тұрдиев.

Өзгелердің жаңалығы