Өскеменде 170 орындық балабақша ашылды

<p>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Жақсылық Омар «Балдәуреннің» салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, кабинеттерді аралап көрді, деп хабарлады Алтайньюс.</p>

 14 Желтоқсан 2021 2021, 23:05
14 Желтоқсан 2021 2021, 23:05
1767

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Жақсылық Омар «Балдәурен» балабақшасының салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, кабинеттерді аралап көрді, деп хабарлады Алтайньюс.

Бұл балабақша мемлекеттік білім беру тапсырысының жобасы бойынша ашылады. Жиһазбен және қажетті құралдармен толық жабдықталған. «Балдәуренге» 19-шы шағын аудан мен Ұлан ауданының 1-ден 5 жасқа дейінгі балалары қабылданады. Жеті топ жұмыс істейді, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, жалпы облыс орталығында 77 балабақша (37 мемлекеттік, 40 жеке меншік) және 23 шағын орталық бар.


 

Наверх