Өскеменде 15 мыңнан аса алкоголь өнімін заңсыз өндірген цех анықталды

21 Сәуір 2022, 21:46
1183
Бөлісу:
Өскеменде 15 мыңнан аса алкоголь өнімін заңсыз өндірген цех анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде Мемлекеттік кірістер департаменті мен Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері заңсыз алкоголь өндірушілерді анықтады. Бұл туралы , Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Антисанитариялық жағдайда күшті спирттік ішімдіктерді дайындап келген цехтан 2145 дана коньяк, 12945 дана коньяк бұйымдары, 620 дана «ОША» арағы, 4000 дана бос шыны бөтелкелер ыдысы, 15000 дана арақ қалпақшалары, 2 дана қақпақтарды мөрлеуге арналған құрылғы, сорғы мен шлангтарға қосылған 500 литрден астам спирт сұйықтығы бар пластикалық ыдыс табылды.

Бұл іс ҚР Қылмыстық кодексінің 233-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 463-ші бабы бойынша әкімшілік іс қозғалған.

Өзгелердің жаңалығы