Өскеменде 1-9 сынып оқушылары аязға байланысты онлайн оқиды

30 Қараша 2022, 07:25
760
Бөлісу:
Өскеменде 1-9 сынып оқушылары аязға байланысты онлайн оқиды

Өскемен қаласында аязға байланысты 1-11 сынып оқушылары онлайн оқиды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, дәл қазір Өскеменде ауа температурасы 30 градусқа дейін төмендеп тұр. Соған орай қалалық Білім бөлімі таңертең оқушылардың қашықтан оқитындығын хабарлады.

Қала бойынша бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары мектепке бармайды. Екінші ауысымның қалай оқитыны сағат 11.00-ге қарай хабарланады, – делінген ақпаратта.

Дүйсенбі мен сейсенбі күні Өскемендегі 1-11 сынып оқушылары онлайн форматта білім алған болатын.

Айта кетейік, «Қазгидромет» РМК ШҚО филиалының ақпараты бойынша 30 қарашада түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 40 градусқа дейін аяз сақталады.

Өзгелердің жаңалығы