Өскемен тұрғынынан бір тоннадан астам балық тәркіленді

26 Желтоқсан 2020, 23:55
2059
Бөлісу:
Өскемен тұрғынынан бір тоннадан астам балық тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азаматқа қатысты материал оны 389-бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін аумақтық балық инспекциясына жіберілді.  Онда тасымалданатын жүк үшін тиісті құжаттар болмаған, деп хабарлайды YK-news.kz.

Облыс орталығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Іс-шара барысында «ГАЗ-3302» көліктегі Өскемен қаласының тұрғынының бір тоннадан астам балық алып келе жатқаны белгілі болды. Тексеру кезінде оның  жүк тасымалдауға арналған құжаттары жоқтығы анықталды.

Көліктегі балықтың жалпы салмағы 1182 килограмды болды. Ер адамның айтуынша, ол балықты Күршімнен «жеке пайдалануы үшін» сатып алған, – деп хабарлады Өскемен полиция басқармасының баспасөз қызметі

Өзгелердің жаңалығы