Өскемен тұрғынынан 50 млн теңге бопсалаған адам ұсталды

26 Маусым 2022, 04:40
1287
Бөлісу:
Өскемен тұрғынынан 50 млн теңге бопсалаған адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласының тұрғынынан екі жылда 50 млн теңге бопсалап алған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшыларына 2020 жылдың мамыр айынан бастап 2022 жылдың сәуіріне дейін 54 жастағы азаматтан ақша бопсалап келген ер адам жайлы ақпарат түсті. Көп ұзамай қаланың 49 жастағы тұрғыны күдікті ретінде ұсталды.

Белгілі болғандай, ол өзінің физикалық күшін пайдаланып, жәбірленушіден ақша талап еткен. Алғаш рет одан 150 мың теңге алды. Содан кейін құныға түсіп, соманы көбейте бастаған. Бас тартқан жағдайда ұрып-соғамын деп қорқытқан. Жәбірленуші өз атына несие алуға, тіпті анасының пәтерін сатудан түскен қаражаттың бір бөлігін беруге мәжбүр болды. Алайда бопсалаушы заңсыз әрекетін сонда да тоқтатқан жоқ. Күдікті өзінің құрбанынан тағы да 2 млн теңге алмақшы болған жерінен ұсталды, - делінген ақпаратта.

Жалпы алғанда 2 жыл ішінде оның қылмыстық әрекетінен келтірілген материалдық залал 50 млн теңгені құрады.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы